Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

14 адам қаза тапты

04.02.2025, 10:20 127

Сирияның Манбидже қаласында теракт болып, 14 бейбіт тұрғын қаза тапты, – деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Anadolu агенттігі таратқан мәліметке сәйкес, террорлық актіні әзірге ешқандай топ мойнына алмаған. Алайда жергілікті қауіпсіздік күштері бұған PKK/YPG террорлық ұйымының қатысын бар деп топшылайды.

Алеппо провинциясында автокөлікке қойылған мина жарылысынан 14 адам қаза тауып, 15 адам жарақат алғаны айтылуда.

Жаралылар ауруханаға жеткізілді. Құрбандар саны өсуі мүмкін деген болжам бар.

Еске салайық, Сирия ұлттық армия күштері (СНА) Манбиджді 2024 жылы 9 желтоқсанда «Бостандық таңы» операциясы аясында терроршылардан босатқан болатын.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: