Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қарттарға  құрмет  –  елге  құрмет

01.10.2026, 21:30 31

HALYQLINE.KZ

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Жаңақорған ауданы әкімі Ғалымжан Жарқынбектің қолдауымен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің есебінде тұрған қарт азаматтарға Жаңақорған кентіндегі «Ар Меди» мейрамханасында «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Тағылымды басқосуға аудан әкімінің орынбасары Нариман Жахудаев қатысып, ардақты қарияларды айтулы мерекемен құттықтап, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен бақ-береке тіледі.

Мерекелік іс-шара барысында аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары арнайы концерттік бағдарлама ұсынып, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Сонымен қатар, іс-шара соңында барлық қартқа арнайы сый-сияпат тапсырылды.

Ізгі іс-шараның негізгі мақсаты – ел ағалары мен ақ жаулықты әжелерге құрмет көрсетіп, олардың өнегелі өмір жолын кейінгі ұрпаққа үлгі ету, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және үлкенге ізет, кішіге құрмет қағидаттарын нығайту.

Қариясы қадірлі елдің қазынасы мол. Аға буынға құрмет көрсету – ұрпақ тәрбиесінің берік негізі, елдік дәстүр мен рухани сабақтастықтың айқын көрінісі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: