Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жапонияда жапондар азайып, шетелдіктер 40 пайызға көбейді

30.09.2026, 9:00 34

Жапония халқы бес жылда 3,17 млн адамға азайды. 2025 жылғы 1 қазанда елде 122,97 млн адам тұрған. Бұл 2020 жылғы халық санағындағы көрсеткіштен 2,5 пайыз төмен. Мұндай деректі Kazinform JIJI Press агенттігіне сілтеме жасап жариялады.

Жапонияда бес жыл сайын өткізілетін халық санағы 1920 жылдан басталады. Соңғы нәтиже ел халқының қатарынан үшінші рет азайғанын көрсеткен.

Ең қызығы, елдегі Жапония азаматтарының саны азайып жатқанда, шетелдіктер саны күрт көбейген. Жапон азаматтарының саны бес жылда 3,5 пайыз кеміп, 119,13 млн адамға түсті. Ал шетел азаматтарының саны 39,8 пайыз өсіп, рекордтық 3,84 млн адамға жеткен.

Жапонияда тұратын шетелдіктердің 24 пайызы – Қытай азаматтары. Вьетнам азаматтарының үлесі 15,9 пайыз, Оңтүстік және Солтүстік Корея азаматтары 10,4 пайызды құрайды.

Елдегі демографиялық өзгерістің тағы бір белгісі – халықтың қартаюы. 65 жастан асқан тұрғындардың үлесі бұрынғы 28,5 пайыздан 29,4 пайызға көтерілген.

Санақ бойынша Жапонияда 59,77 млн ер адам және 63,2 млн әйел тұрады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: