Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Тасымалдаушы»: 583 құқықбұзушылық анықталды

17.01.2025, 17:45 69

HALYQLINE.KZ

ҚР ІІМ нұсқауына сәйкес, осы жылдың қаңтар айының 14-16-сы күндері аралығында қоғамдық тәртіпті сақтау мен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамсыз ету, жол көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтың, әсіресе заңсыз жолаушы тасымалымен айналысатын автобус және такси көлік құралдарын анықтау мақсатында, облыс көлемінде «Тасымалдаушы» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Қызылорда облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, іс-шара барысында барлығы 583 құқықбұзушылық анықталды. Оның ішінде: қоғамдық орындарда такси қызметі бойынша мазалап тиісу әрекеттері (ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы) – 54;

ҚР міндетті сақтандыру туралы заңнамасын бұзудың (ҚР ӘҚБтК-нің 230.2-бабы) – 69;

Шығарындыларда ластаушы заттардың болу нормативтерінен асудың (ҚР ӘҚБтК-нің 334.1-бабы) – 20;

Жолаушылар тасымалдау қағидаларын бұзудың (ҚР ӘҚБтК-нің 571.2-бабы) – 58;

Заңсыз қайта жабдықтаудың (ҚР ӘҚБтК-нің 590,7-бабы) – 16;

Міндетті техникалық қарап-тексеруден өтпеген (ҚР ӘҚБтК-нің 590.9-бабы) – 52;

Ұялы телефонмен сөйлесудің (ҚР ӘҚБтК-нің 591.1-бабы) – 65;

Жолаушыларды және жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау (ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы) – 178;

Маневр жасау ережесін бұзудың (ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы) – 38;

Қарсы бағытқа жолаққа шығудың (ҚР ӘҚБтК-нің 596.3-бабы) – 2;

Көлік құралын масаң күйде басқарудың (ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы) – 2 дерегі анықталып, құқық бұзушыларға қатысты тиісті әкімшілік хаттамалар рәсімделіп, айыппұл тұрағына 79 көлік құралы жеткізіліп, 46 мемлекеттік белгі алынып, рұқсат етілмеген 3 такси тұрағы анықталды.

Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табуда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: