Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстанның Бас мүфтиі сайланды

26.12.2024, 14:45 108

HALYQLINE.KZ

Бүгін Астана қаласында өткен Қазақстан мұсылмандарының Х Құрылтайында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти лауазымына Наурызбай қажы Тағанұлы сайланды.

Құрылтайға жиналған 300-ге жуық делегат осы кандидатураға бірауыздан дауыс берді.

«Құрылтайға еліміздің әр облысынан келген 300-ге жуық делегат менің кандидатурама дауыс беріп, сенім білдіріп, Бас мүфти лауазымына қайта сайлады. Бұл сенімді абыроймен ақтауға бар күш-жігерімді жұмсаймын. Жоспарлап отырған бірқатар жұмысымыз бар. Мәселен, алдағы 2025 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының дербес мүфтият болып құрылғанына 35 жыл толады. Мерейтой аясында жоспардағы көптеген игі істерді жұрт болып жұмылып, халық болып бірігіп атқаруға баршаңызды шақырамын», – деді ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Дереккөз: inbusiness.kz

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: