Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

1042 дана пиротехникалық бұйым тәркіленді

25.12.2024, 9:45 74

HALYQLINE.KZ

Қызылорда облысында «Пиротехника» іс-шарасы барысында полицейлер рейд жүргізуде, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

2024 жылдың 5 желтоқсаны мен 2025 жылдың 3 қаңтары аралығында Қызылорда облысының көлемінде «Пиротехника» жедел алдын алу іс-шарасы өтуде. Іс-шараның мақсаты – заңды және жеке тұлғалардың пиротехникалық өнімдерді сақтау, сатып алу, тасымалдау тәртібінің сақталуын тексеру, сертификатталмаған өнімді жеткізушілерді анықтау, осы өнімдердің салдарынан болатын төтенше жағдайлардың алдын алу.

Осыған орай, Қызылорда облысы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы мен барлық бөліністердегі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторлары бірлесіп, облыс көлеміндегі базарлар мен ірі сауда орталықтарында рейдтік іс-шаралар ұйымдастыруда.

Іс-шара басталғалы барлығы 43 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, 1042 дана пиротехникалық бұйым тәркіленді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: