Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаңажылдық шырша шамы жағылды

18.12.2024, 8:30 41

HALYQLINE.KZ

Кеше Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жаңажылдық шырша шамын жағу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Іс-шарада аймақ басшысы тұрғындарды алдағы Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

«Жаңа жыл – жұртшылықтың асыға күтетін мерекесі, жайдары көңіл күймен, зор үмітпен алға ұмтылатын айрықша сәт. Санаулы күндерден соң тарихқа айналатын 2024 жыл өңіріміз үшін аса маңызды оқиғаларға толы болды. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының Сыр өңірін ерекше қолдауының арқасында облысымыз қарқынды өркендеу жолына түсті. Әлеуметтік-экономикалық дамуда оң тенденция қалыптасты, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша республикада алғашқы орындамыз.

Халықтың әл-ауқатын, өмір сүру сапасын жақсарту үшін баспанамен қамту, сапалы инфрақұрылым жүргізу бағытында нақты шаралар қабылдадық. Алдымызда айқын міндет, анық жоспарымыз бар. Өтер жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп. Жаңа 2025 жыл еліміз бен аймағымыз үшін берекелі, табысты болғай! Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға ырыс-ынтымақ тілеймін!», – деді аймақ басшысы.

Бас шыршаны жағу мәртебесі өз саласында үздік атанған жерлестерімізге – самбодан жасөспірімдер, жастар және ересектер арасындағы 6 дүркін ел чемпионы, жасөспірімдер арасында 2 дүркін Азия чемпионы, 2 дүркін Әлем чемпионы, спорт шебері Нұржан Тумырзаевқа, №187 М.Шоқай атындағы мектеп-лицейдің 7-сынып оқушысы, «Кенгуру лингвистик» халықаралық сайысының, «Зерде» республикалық ғылыми жобалар конкурсының жеңімпазы Аяулым Әбдіқадырға берілді.

Мерекелік іс-шара көңілді концертпен жалғасты. Жергілікті өнерпаздар Айсұлу Әбді, Динара Қыдырбай, Аружан Төреғали кеш қонақтарына ән-жырдан шашу шашты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: