Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті 63,5 келі салмақта жұдырықтасқан Мұхаммедсабыр Базарбайұлы мен грузиялық Лаша Гурули арасындағы жекпе-жек нәтижесін түсіндіруді талап етіп, ресми түрде PBU-ға (Paris boxing Unit) шағым түсірді, – деп хабарлайды halyqline.kz сайты qrnews.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
«Біз бұл нәтижемен келіспейміз және PBU-дан түсініктіме талап еттік. Бұдан ХОК та хабардар.
Біздің ойымызша, қазақстандық боксшы 2024 жылғы Олимпиаданың жартылай финалына жолдама беретін маңызды кездесуде жеңіске жетті. Өткен жекпе-жектің нәтижесін қайта қарау мүмкін еместігін де түсінеміз.
Алайда, біз ірі халықаралық жарыстағы төрелік әділ әрі таза болғанын қалаймыз», – деді Қазақстан ҰОК бас хатшысы Жанар Утешева.
Ескерту қабылданып, қазіргі таңда зерттеу жүргізіліп жатыр.
Қазақстан ҰОК бокс төрешілерінің үстінен шағым түсірді
02.08.2024, 10:20 441
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!