(Өмірді сақта) ведомствоаралық бағдарламасының 2024 жылға арналған бірыңғай жоспарына сәйкес және ҚР ҚК Әскери полиция бас басқармасының 2024 жылғы шілде айына арналған негізгі іс-шаралар жоспарының талаптарын орындау мақсатында 2024 жылы 30 шілдеде 99215 әскери бөлімі (аумақтық қорғаныс) барлық санаттағы әскери қызметшілердің қатысуымен құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша іс-шарасы өткізілді.
Аталған іс-шарада, жеке құрам арасында билікті асыра пайдалану, жарғылық қарым-қатынас қағидаларын бұзу, Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер үшін қылмыстық жауаптылығы, Есірткі заттарының заңсыз айналымы, Лудомания, Суицид, Діни экстремизмдік алауыздықты алдын алу және «Жылдамдық туралы ойлан!» айлықтары аясында тақырыптарымен Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің бастығы майор Б.Дәуренқұлов құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп сабақ өткізді.
Қызылорда гарнизоны қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің бастығы майор Б.Дәуренқұлов әскери ортада құқықбұзушылықтарға жол бермеуге, нөлдік төзімділік принципін ұстануға шақырды. Осындай іс-шараларды жоғары деңгейде жүргізудің арқасында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің имиджі көтеріліп әскери қызметшілердің құқық бұзушылық деңгейі күрт төмендегенін атап өтті.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!