Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

176 азамат әкімшілік жауапқа тартылды

29.07.2024, 16:35 315

Мото және скутер құраллдарының қатысуымен болатын жол апаттарын алдын-алу мақсатында ағымдағы жылдың 25-27 шілде аралығында облыс көлемінде «Скутер» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара барысында 241 мото және скутер құралдары тексерілсе, оның 176 әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамалары рәсімделді.

Жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларының талаптарын орындамаудың (615.1-б. 2 АЕК) – 72 және 615 баптың 1-бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекет жасағаны үшін (615.3-б. 10 АЕК) – 7 скутер жүргізушісі әкімшілік жауаптылыққа тарытылды.

Жол жүрісі қағидаларының талаптарын, көлік құралдарын пайдалануға жіберу жөніндегі негізгі ережелерді бұзудың (620-б.) 66 дерегі тіркелді.

16 жасқа толмаған жасөспірімдердің скутер құралын басқарудың 17 дерегі анықталып, оның 9-ы ата-аналардың немесе басқа да заңды өкілдердің кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және олардың құқықтарын және (немесе) мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді немесе қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды орындамағандары (127.1-б.) бойынша хаттамалар толтырылса, қалған 8-не (127.3-б.) ата-ананың немесе осы мiндеттер жүктелген өзге де адамның кәмелетке толмаған адамның әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар қасақана іс-әрекет жасауына алып келген іс-әрекетер жасағандыры үшін жауаптылыққа тартылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: