Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кафеде күш көрсетіп…

22.07.2024, 16:15 339

HALYQLINE.KZ

Қызылорда қаласының №2 сотында ҚР ҚК 293-бабы 1-бөлігінде көзделген сотталушы А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы А. сағат 04:30 шамасында кафеде жалғыз өзі көніл көтеріп отырған кезде даяшы З. мен сол кафенің әкімшісі А. кафенің жабылатынын айтып ескерткен. Сол кезде, себепсізден-себепсіз балағат сөздермен өзінің кафеден шықпайтынын айтып, масаң күйде айтылған өтінішті желеу етіп себептен-себепсіз, қоғамдық жерде отырып қолындағы сыра ішімдігінің кружкасын сындырып, өзіне қарама-қарсы тұрған даяшы З-ның шашынан жұлып, оң аяғымен соңғының сол жақ аяқ санынан бірнеше мәрте теуіп, дене жарақатын салған. Одан соң жәбірленуші А.-ның көзіне екі мәрте соққы жасап, қолының тырнақтарымен бет тұсынан тырнап, дене жарақатын салған.

Осылайша ол қоғамдық тәртіпті құрметтемеу анық көрінетін, азаматтарға күш қолданып, барынша арсыздықпен ерекшеленетiн әдепсiз әрекеттер жасаумен ұштасқан аса қатыгездікпен бұзып, яғни ҚР ҚК-тің 293-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылықты  жасаған.

Сот үкімімен сотталушы А. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 293-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. ҚК-нің 44-бабы 1-бөлігінің тәртібімен барлық мерзімге пробациялық бақылау белгіленген.

Көрнекі сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: