Қызылорда өңірінде республикалық «Жолда қабылдау» акциясы өтуде. Сыр өңірінің климаттық жағдайының ерекшелігін ескере отырып, аптап ыстыққа қарамастан полиция кеңесіне жүгінгендер аз болған жоқ.
Акция басталғалы таңертеңнен мобильді пункттерге 3000-ға жуық тұрғын келіп, түрлі мәселе бойынша кеңес алды.
Облыс бойынша 10 мобильді, ал облыс орталығы Қызылорда қаласында 2 мобильді қабылдау пункттері қызмет етіп жатыр.
Екі күнге жоспарланған акцияда Полиция департаментінің басшылығы, Әкімшілік полиция, Жергілікті полиция қызметі және Көші-қон қызметі басқармалары, сонымен қатар, Қызылорда қалалық Полиция басқармасы және аудандық полиция бөлімдерінің басшыларынан құралған арнайы мобильді топтар белгіленген жерлерде тұрғындарды қабылдап жатыр.
Сондай-ақ, акция барысында облыс тұрғындары департаменттің ресми әлеуметтік парақшалары арқылы толғандырған сауалдарын жолдай алады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!