2024 жылдың 18 шілдесінде Қызылорда қаласындағы Достық үйінде тәжік-ауған шекарасында ерлікпен шайқасқан ардагер Р.Батырхановтың қаза болуына 30 жыл толуына орай дөңгелек үстел өтті.
Қызылордалық шекарашылар ұйымдастырған бұл шара қанды соғыста Отаны үшін жанын қиған батыр туралы әсерлі естелікке айналды. Дөңгелек үстел барысында Р.Батырхановтың рухына деген құрмет пен алғыс сөздер айтылып, өскелеңұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеудің маңызды тұстарына тоқталды. Дөңгелек үстелдің ашылу салтанатында «Застава тарландары» РҚБ-і Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, мемлекеттік органдар, ардагерлер мен коғамдықұйымдардыңөкілдері сөз сөйледі. Барлыққатысушылар Р.Батырхановтың батырлығы мен адалдығы үшін үлкен кұрмет көрсетіп, алғысын білдірді.
Ресми бөлімнің соңында ардагерлердін Р.Батырхановқа «Халык каһарманы» атағын беру туралы ұсынысы ерекше сәтке айналды. Бұл атақ оның ерлігіне деген тереңқұрмет көрсетіліп, біздің жадымызда мәңгі есте сақталатыны сөзсіз. Жиын жалпы естелік суретке түсу рәсімімен аяқталды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!