Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

250 700 000 теңге материалдық залал келтіргені үшін бас бостандығынан айырылды

12.06.2024, 11:10 141

HALYQLINE.KZ

Сотталушы Е. кәсіпкерлікпен айналысатын өзінің таныстарында қомақты қаражаттың бар екеніне көз жеткізіп, оларға түрлі тендерге қатысу туралы ұсыныс білдіріп, қаражаттарын үстемақымен қайтарып алуға мүмкіндіктері бар екенін, оған өзі көмектесетіні туралы жалған айтып, сенімдеріне кірген.

Нәтижесінде сотталушы Е. жәбірленуші Н.-дан 47700000 теңге, жәбірленуші И.-дан 62500000 теңге, жәбірленуші А.-дан 80500000, жәбірленуші Е.-ден 60000000 теңгені қолхатпен алаяқтық әрекеті арқылы алып, оларға мүліктік залал келтірген.

Сотталушы Е. сот отырысында өзінің кінәсін ішінара мойындап, тендер жариялауға құқығы болмағанын, тек шарт ресімдеумен айналысқанын, жәбірленушілерден алған ақшамен қарызын жауып, казино ойындарына жұмсағанын көрсетті.

Жәбірленушілер шығындардың қалпына келмегенін ескере отырып, оған бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын тағайындауды сұрады.

ҚК-нің 53-бабы 1-бөлігі 11) тармағына сай, қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн мән-жай ретінде сотталушы Е. шын ниетпен өкiнуі танылады. ҚК-нің 54-бабының талабына сәйкес іс бойынша қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Сотталушы Е. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 2)тармағымен кінәлі деп танылып, оған 6 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жәбірленушілердің материалдық залал өндіру туралы талап қоюлары қанағаттандырылды.

Сотталушы Е. сот үкімімен келіспей, апелляциялық шағым берген. Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы апелляциялық шағымды қанағаттандырусыз, бірінші саты сотының үкімін өзгеріссіз қалдырды.

Үкім заңды күшіне енді.

Қармақшы аудандық соты

 Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: