Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалық полицейлер «Есірткісіз өмір ғажайып…» тақырыбында фотосайыс ұйымдастырды

30.05.2024, 9:50 143

HALYQLINE.KZ

Қызылорда облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен облыс көлемінде орта, орта арнаулы оқу орындарының оқушы, студенттері арасында «Есірткісіз өмір ғажайып…» тақырыбында фотосайыс ұйымдастырды.

Сайыстың негізгі мақсаты кәмелетке толмағандар арасындағы нашақорлық проблемаларын және қатысушылардың ақпаратты қолжетімді ұсыну арқылы олардың жеке пікірлерін баяндау мүмкіндігін түсіндіру және өскелең ұрпақтың бос уақытын тиімді пайдалануға тарту болып табылады.

Облыстық финалдық байқауға 12-18 жас аралығындағы 40 оқушы, студент қатысты. Байқауда қатысушылар өз ойларын шығармашылықпен жеткізе білді, заманауи техниканың мүмкіндіктерін пайдаланып, өз суреттерінде нашақорлық проблемаларын көрсете алды.

Байқау комиссиясының шешіміне сәйкес, 25 қатысушы жеңімпаз деп танылды. Арал ауданының №262, 14, 67 оқу орындарының оқушылары Ұзақбаев Асхат, Сайлауова Гүлсезім, Байділдә Бекзат, Жантуғанов Нұржан, Қосанов Еркебулан, Шалғынбай Нұрислам, Мырзабай Іңкәр, Қарасаев Сырым, Асылбек Мирас, Қарасаев Мадияр; Қармақшы ауданының №108, 30 орта мектеп оқушылары Нұрланқызы Нұрсауле, Жұмабек Дастан; Жаңақорған ауданының №233 орта мектеп оқушысы Еркінбек Саят; Қызылорда қаласының №138, 23, 101, 112 оқу орындары мен №9 білім-инновациялық лицейінің оқушылары Сабыр Әсел, Жиынбаева Амина, Жұмабек Бекжан, Жұмабек Еркежан, Серікбай Ансалия, Ан Карина; Сырдария ауданының №35 мектеп-лицейінің оқушысы Сағатов Ернұр; Шиелі ауданының №50 орта мектебінің оқушысы Ғалымжанқызы Ханшайым; Қазалы ауданының №17 орта мектебінің оқушысы Адилханова Алуа мен М.Маметова атындағы Қызылорда жоғары педагогикалық және «ORDA» жоғары колледждерінің студенттері Ғалымжанқызы Анель, Сейфулмалик Малика, Ғалымжан Зарина жүлдегер атанды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: