Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сенатор Нұртөре Жүсіп әйелдерге арналған білім беру орталықтарын қолдауға шақырды

23.05.2024, 15:10 273

HALYQLINE.KZ

Сенатор Нұртөре Жүсіп Үкіметке жолдаған депутаттық сауалында әйелдерге арналған білім, ақпараттық-консультация беру орталықтарын қолдауға шақырды.

Сенатордың айтуынша, елордада 2021 жылдан бастап көпбалалы және жалғызбасты аналарға, өмірде қиын жағдайда тап болған, сондай-ақ мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған аналарға көмек көрсететін «Бақытты отбасы» орталығы жұмыс істейді. Бұл орталық қазіргі кезде түрлі кәсіп бойынша 20-дан астам білім беру курсын ұйымдастырып, онда 2,5 мың әйел білім алған. Оның үстіне, олардың 80%-ы өз ісін ашқан және орталық заңгерлерінің қолдауымен өтініш беріп, мемлекеттік грант ала алды.

«Бақытты отбасы» орталығы бір жағынан әйелдерді рухани, моральдық тұрғыдан қолдап, кәсіп үйретсе, екінші жағынан халқымыздың этнографиялық мұрасын жаңғыртып, жас ұрпаққа тәлім беретін таптырмас мәдени мектептің қызметін атқарып отыр. Осындай үлгідегі орталықтарды өңірлерде, әсіресе, облыс орталықтарынан көптеп ашуға қалай қарайсыз? Үкімет тарапынан арнайы гранттық көмек беруге мүмкіндіктеріңіз бар ма? Осы үлгідегі орталықтардың өнімдерін нарыққа шығаруға, қорғаныс, медицина, мәдениет салалары бойынша жүйелі тапсырыстар арқылы қалыптастыруға мүмкіндік бола ма?», – деп сұрады Нұртөре Жүсіп.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: