Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

5 миллион теңге моральдық зиян өндірілді

23.05.2024, 9:05 190

HALYQLINE.KZ

Қызылорда облысының тұрғыны А.-ның баласы серіктестікте жұмысшы қызметін атқарып жүріп, электр дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу барысында ауыр жарақаттар алып, ауруханада қайтыс болған.

Өндірістегі жазатайым оқиға туралы актіге сәйкес, бұл жағдайда жұмыс берушінің кінәсі 100% деп танылған.

Марқұмның әкесі сотқа жүгініп, баласы ата-анасымен бірге тұрғанын, өз отбасын құрып, балалы болып үлгермегенін, жазатайым оқиға жақындарына ауыр тиіп, орны толмас қазаға алып келгенін, жұмыс берушінің салғырттығы мен немқұрайды қарауынан ұлының қайтыс болғанын көрсетіп, моральдық зиян өндіруді сұраған.

Сот шешімімен марқұмның әкесінің талап қоюы қанағаттандырылып, талап қоюшының пайдасына 5 000 000 теңге моральдық зиян өндіру туралы сот шешімі шығарылған.

Алайда, серіктестік бұл шешіммен келіспей, облыстық сотқа апелляциялық шағыммен жүгінген.

Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы істің мән-жайын зерттеп, бірінші саты сотының шешімін өзгеріссіз, апелляциялық шағымды қанағаттандырусыз қалдырды.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: