Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

10 миллион теңге моральдық зиян өндірілді

13.05.2024, 9:30 181

HALYQLINE.KZ

Байқоңыр қалалық сотына талап қоюшы Ш. жалғыз ұлынан айырылуына байланысты жауапкер В.-дан моральдық зиянды өндіріп алу туралы талап қоюмен жүгінген. Талап қоюшы өзінің талап қоюында жауапкер В. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыс жасағаны үшін Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен 12 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылғанын, жауапкер В. ұлын өлтіргені үшін кінәлі деп танылғанын көрсеткен.

Қылмыстық іс аясында талап қоюшы жәбірленуші деп танылған. Сонымен қатар, қылмыстық іс бойынша азаматтық талап берілмеген. Талап қоюшы сотта жауапкердің қылмыстық әрекетінен азап шеккенін, жалғыз ұлынан айырылғанын көрсетіп, талап қоюды толық қанағаттандырып, 10000000 теңге мөлшерінде моральдық зиян өндіруді сұрады.

Жауапкер қазіргі уақытта үкім бойынша жазасын өтеп жатқанын, жазаны өтеу кезеңінде жұмыспен қамтамасыз етілмегенін және моральдық зиянды өтеуге материалдық мүмкіндігі жоқ екенін түсіндіріп, талап қоюшыға моральдық зиянды мүмкіндігінше төлейтінін көрсетті.

Сот шешімімен қылмыспен келтірілген моральдық зиянды өтеу туралы талап қанағаттандырылып, жауапкер В.-дан 10000000 теңге мөлшерінде моральдық зиян өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: