Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

50 миллион теңгенің дауы…

02.04.2024, 8:35 217

HALYQLINE.KZ

Бүгінгі таңда сот жүйесінде татуластыру рәсімдері тиімді қолданылып келеді.

Қызылорда қалалық сотында талап қоюшы В. жауапкер И.-дан 50 050 000 теңге қарыз ақшасын өндіру туралы талап қоюмен жүгінген.  

Іс жүргізу барысында қалалық соттың судьясы А.Қаршыға тараптарға дауды татуластыру рәсімдерімен аяқтау жөніндегі құқықтары және дауды келісіммен реттеудің тиімділігі туралы түсіндірген. Соның нәтижесінде, тараптар өзара бітімге келіп, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді құптаған. Келісімнің талаптарына сәйкес, жауапкер И. келісімде белгіленген мерзімге дейін қарыз ақшасын толық төлеуге міндеттенді.

Сот ұйғарымымен тараптар арасында медиациялық келісім бекітіліп, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: