Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Есеп пен есек

30.03.2024, 8:00 395

HALYQLINE.KZ

МЫСАЛ  ӘҢГІМЕ

Бірде фермердің есегі құдыққа құлап кетеді. Ол жаны шыға ақырып, айналасын азан-қазан етеді. Жүгіріп келген фермер: «Қалай шығарып алсам екен?» деп бір сәт ойланып қалады. Бірақ, ойлана келе: «Есегім болса да қартайды. Өмір сүрер күні де көп қалмады. Жас есек сатып алсам ба деп жүрмін. Құдығым болса да қураған. Оны баяғыда-ақ жауып тастап, басқа жерден жаңадан құдық қазсам ба деймін. Соны неге осы қазір жүзеге асырмасқа?! Бір жағынан иісі шықпайтындай етіп есекті де көме саламын» дейді.

Сөйтіп ол көршілерін құдықты көмуге көмекке шақырады. Барлығы жұмылып, құдыққа топырақ лақтыра бастайды. Есек істің қайда бет алғанын бірден түсініп, қаттырақ ақыра түседі. Кенеттен ол үнсіз қалады.

Бірнеше уыс топырақ лақтырған соң фермер төменде не болып жатқанын көруге құдыққа үңіледі. Ол жерде көргеніне таңданысын жасыра алмайды. Сөйтсе, есек арқасына түскен топырақты аяғының астына қарай сілкіп тастап, таптап тұр екен. Бір кезде айнала тұрғандарды таң қалдырып, есек құдықтан секіріп шығады.

***

Мүмкін, сіздің өміріңізде де көптеген қиындық бар шығар, болмаса, сіз оларды солай қабылдаған боларсыз. Болашақта сіз өзіңіз, кейбіреу үшін өмірдің өзі сізге қайта-қайта сынақ жіберсе қайтесіз?! Есте сақтаңыз, сізге осындай тас тиген сайын, оны сілкіп тастап, алға қарай қадам баса бересіз. Дәл осы тастың арқасында биіктей беретініңізді ұмытпаңыз. Осылайша, сіз бірте-бірте ең терең деген құдықтың өзінен шығып кете аласыз (немесе оның бастапқыда-ақ болмағанын түсінесіз).

Аударған  Айгүл  САҒЫМБАЙ

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: