Қызылорда облысы көлемінде ішкі істер органдарының есебінде тұратын, оның ішінде өтелмеген және алынбаған соттылығы бар тұлғалардың қайта қылмыс жасауының алдын алу мақсатында «Есептегі элемент» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
«Есептегі элемент» алдын алу іс-шарасы барысында қоғамдық қауіп төндіретін, денсаулық сақтау органдарында диспансерлік есепте тұрған, мінез-құлқының әлеуметтік бағыттылығы бар психикалық науқас адамдарды тексеру, қоғамдық тәртіпті бұзуға бірнеше рет жол берілген, тәулік бойы және сағаттап жалға берілетін пәтерлер мен үйлерді аралау, бұрын сотты болған азаматтарды тексеру және әкімшілік құқықбұзушылықтар жасап, сотпен белгіленген міндеттерді орындамаған, шектеулерді бұзу дәйектері орын алған азаматтарды әкімшілік қадағалау жұмыстары жүргізіліп, белгіленген тұлғалардың өмір салты мен мінез-құлқын бақылау жұмыстары қамтамасыз етілуде.
Отбасы-тұрмыстық, рецидивтік, алкогольдік және қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстық құқықбұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған профилактикалық шара барлық ауыл округтерінен бастау алып, облыс көлемінде жалғасуда.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!