HALYQLINE.KZ Ел Үкіметі коронавирус жағдайы тіркелген күннен бастап, төтенше қимылдарға көшіп, тиісті қадамдар мен қаулылар қабылдады. Жер жүзінің 200-ден астам елін шарпыған пандемия уақытында жергілікті билік органдарының да қимылын ескерусіз қалдыруға болмайды. Осы ретте Қазақстанның медиа технологиялар орталығының аналитикалық қызметі төтенше жағдай кезіндегі аймақ әкімдерінің рейтингін жасапты.
Қазақстан тарихында тұңғыш рет облыс басшылығына тағайындалған әйел – Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова. Бұған дейін Сыр елін басқарған 8 әкім де – ер адам. Құтты мекеннің құзіретті орынтағына жайғасқанына көп болмаса да біраз шаруаның басы-қасынан табылып үлгерді. Аудандарды аралап, медициналық мекемелердің, әлеуметтік нысандардың жай-жапсарымен танысты. Айта кетерлігі, Г.Наушақызы Қызылордада коронавирус инфекциясы алғаш тіркелген күні әкімдік қызметіне кіріскен еді. Аз-кем уақытта 11-аймақтың тоғызыншы әкімі 10-орынға жайғасыпты.
Сонымен, «toppress.kz» ақпараттық порталы ұсынған әкімдер рейтингі төмендегідей:
- Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев
- Алматы облысының әкімі Амандық Баталов
- Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек
- Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов
- Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов
- Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықбаев
- Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев
- Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин
- Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Ысқалиев
- Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова
- Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов
- Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов
- Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов
- Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Тұрымов
- Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев
- Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Ысқақов
- Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов
Қысқамерзімді перспективада оның алдында апаттық жағдайда тұрған Қызылорда гидроэлектростанциясын қайта құру міндеті тұр. Ол бұзылса, 38 елдімекенді су басу қаупі бар. Сондай-ақ, қала мен аулаларды абаттандыру, жолдарды жөндеу, экономиканы әртараптандыру, «Көшербаев» дәуірінің экономикалық көрсеткіштерін, атап айтқанда инвестиция көлемін сақтау – басты жоспары, – деп жазады toppress.kz ақпараттық порталы.
Сурет ашық дереккөзден алынды
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!