Қызылорда қаласы Полиция басқармасымен отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында орын алатын зорлық-зомбылықтың алдын алу, жолын кесу және құқық бұзушылықтарды анықтау бағытында профилактикалық жұмыстар күнделікті жүргізілуде.
Жыл басынан бері «102» арнасына жанұя жанжалы бойынша 400 хабарлама тіркелді. Тұрмыстық қарым-қатынаста сыйламаушылық әрекетін жасағаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабымен 170 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция тарапынан жанұя шырқын бұзған 270 азамат қорғау нұсқамасы санатымен есепке алынды. Сонымен қатар қорғау нұсқамасының талаптарын бұзып, соттың қаулысымен 89 азаматтың мінез-құлқына қатысты сот қаулысымен ерекше талаптар белгіленген.
Аталған азаматтар Жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторларымен тұрғылықты мекен-жайларына барып түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, қала аумағында 3 әлеуметтік дағдарыс орталығы қызмет көрсетуде. Аталған орталықтармен 55 азаматшаға әлеуметтік көмек көрсетілді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!