Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ауданның экономикалық дамуында оң тенденция қалыптасты

06.02.2024, 17:30 189

2023 жылы ауданның экономикалық дамуында оң тенденция қалыптасып, өнеркәсіп өнімінің көлемі – 100,0 пайызға, өңдеу өнеркәсібі – 100,3 пайызға, инвестициялар тарту – 144,4, бөлшек сауда – 103,9, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі – 103,9, пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі – 104,9, құрылыс жұмыстары – 146,4 пайызға, орындалды.

Өткен жылы 5,6 млрд теңгені құрайтын 40 жоба жүзеге асырылып, ел игілігіне пайдалануға берілді.

Аудан бюджеті 2023 жылы 10,8 млрд теңгені құрап, 99,9 пайызға атқарылды. Өз кірістеріміз 100,7 пайызды құрап, 1,9 млрд. теңгеге орындалды.

2024 жылға бекітілген аудан бюджеті 10,2 млрд. теңге көлемінде қалыптасты. Оның ішінде, жергілікті кірістер болжамы 2,2 млрд теңге, субвенция 4,1 млрд теңге, трансферттер 3,5 млрд теңге, бюджеттік кредиттер 0,4 млрд теңге.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: