Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты 68 мемлекеттік мекемесінде департамент бастығы Есенкелдиев Шәймерден Тәжікқұлұлы мен ардагерлер алқасы төрағасы Талғат Ахметовтың қатысуымен жеке құрам қызметкерлеріне жиын өткізілді.
Ең алдымен, Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы 2024 жыл кадр жылы екенін айтты. Бұл жылда мекемелердің кадр мамандарының жеке құрам қызметкерлері мен тығыз жұмыс жасап және белсенді жұмыс атқаруды тапсырды. Сонымен қатар, жыл ішінде бірнеше спорттық сайыстар, үлгілі өнегелі іс-шаралар және жеке құрамды патриоттық бағытқа бұру мақсатында түрлі хроникалық фильмдер көрсетіліп, атаулы мерекелерді арнайы іс-шара ретінде өткізіп, әлеуметтік желілерде кең жариялануын бұйырды.
Сондай-ақ, ҚАЖ департаменті ардагерлер ұйымының төрағасы Ахметов Талғат Шакиевич тергеу мекемесінде 20 жылдан астам тәжірибесі бар тергеу изоляторы бастығының кезекші көмекшісін алғыс хатпен марапаттады. Яғни, ҚАЖ департаментінің ардагерлер ұйымының қоғамдық жұмыстарына белсене араласқаны үшін және полиция полковнигі Мұхамедов Әбдірахман Әмірұлын еске алуға арналған волейбол турнирінде команда сапын да үздік өнер көрсетіп, белсенділік таныта білгені үшін алғыс хатпен марапаттады. Ұйым төрағасы барша жеке құрам қызметкерлерін белсенді болуға шақырып, марапатталған қызметкерді шын жүрегінен құттықтады.
Жеке құрам қызметкері марапатталды
31.01.2024, 11:55 288
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!