Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ресейде ұшақ құлап, 68 адам қаза тапты

24.01.2024, 17:09 376

Бүгін Ресей Федерациясындағы Белгород облысында ұшақ апатқа ұшырады. Аймақ басшысы Вячеслав Гладков әзірге төтенше жағдайға қатысты пікір білдірмеді және оны «Корочан ауданындағы оқиға» деп атады. Ал әлеуметтік желілерде қайғылы оқиға орнынан түсірілген видеолар пайда болды, – деп жазады Halyqline.kz ақпарат агенттігі ресейлік сайттарға сілтеме жасап.

Алдымен, жергілікті билік Корочан ауданында төтенше жағдай жариялады. Бірақ кейінірек ресейлік ақпарат агенттіктері ұшақта 63 адам болғанын және олардың барлығы қайтыс болғанын жазды.

Өз кезегінде Ресей Федерациясының лаңкестік қорғаныс министрлігі өз мәлімдемесін алға тартты. Олар ұшақтың құлағанын мойындады, бірақ өздерінің «нұсқасының» дұрыс екенін басып айтуда. Олардың айтуынша, «ұшақта тұтқынға алынған 65 украиналық әскери қызметкер, сондай-ақ алты экипаж мүшесі мен үш ілеспе адам болған».

ИЛ-76
Ил-76 – кеңестік және ресейлік ауыр әскери көлік ұшағы. Бұл ұшақтар 1975 жылы жұмыс істей бастады. Ил-76 КСРО тарихындағы турбореактивті қозғалтқышы бар алғашқы әскери-көлік ұшағы болды. Бұл ұшақтарды Ресей жеке құрамды да, ауыр техниканы да тасымалдау үшін пайдаланады.

Ашық ақпарат көздеріне сүйенсек, бұл ұшақ максималды салмағы 28-60 тонна жүкті 4,2 ​​мың км-ге дейінгі қашықтыққа 770-800 км/сағ крейсерлік жылдамдықпен жеткізуге қабілетті. Экипаж 6-7 адамнан тұрады.

Еске салайық, бұған дейін украин тарапы ресейлік Ил-76 әскери-көлік ұшағын жою операциясын жүргізген болатын. Мәселен, өткен жазда Псков аэродромында осындай екі ұшақ толығымен жойылып, тағы екеуі қатты зақымданған.

Сурет: Ресейлік сайттардан алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: