– Мына көліктің ішіне неге соншама иістендіргіштерді іліп тастағансың? Адамның басын ауыртады екен, ал аллергиясы бар адамға мынау мүлдем қиын екен…
– Бастығым – өте үнемшіл адам. Жолға шыққанда қонақүйге ақшасын қимайды, көліктің ішінде түнейді. Кафеге де ақша қимайды, бич-пакет пен пирожкиді мәшіненің ішінде ішіп-жейді. Жалпы, ол кісіде гигиена жағынан проблема бар, қысқасы…
– Қиын екен… Әйел, бала-шағасы бар ма?
– Бар, көрші елдің адамы ғой… Әдепкіде ұшынып, жұмыстан шығып кеткім келді, кейін өзімді сабырға шақырып, одан қалды «кім маған мұндай айлық береді?» деп тоқтаттым. Бірақ, бастығымның жомарт болатын кезі де жоқ емес.
– Рас па?
– Иә, кейде саунаға барады өзінің отандастарымен. Сол кезде «свежий қыз керек» деп аямай ақша береді.
– …
– Біз, жергілікті жігіттер, өзге этностың шүйкебастарын апарамыз.
– Қазақ қыздары жоқ па деп сұраған болар?
– Әрине! Біз бірауыздан «қазақ қыздары ешкімге етегін ашпайды!» деп кесіп айттық, одан кейін бұл мәселе түбегейлі жабылды.
«Без комментариев» дейміз бе…
Айнұр ТҰҢҒЫШБАЕВА,
журналист
Фото: Әлеуметтік желіден
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!