Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Талсуат ауылдық округінде жаңа клуб ашылды

07.01.2024, 18:25 270

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласына қарасты Талсуат ауылдық округіндегі 150 орындық клубтың ашылу салтанатына қатысып, тұрғындарды құттықтады. Іс-шараға ҚР Парламенті Сенатының депутаты Руслан Рүстемов пен Мәжіліс депутаты Мұрат Ергешбаев қатысты.

«Өңірде мәдениет пен спорт саласында ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Облыс орталығында халықаралық стандарттарға сай келетін Орталық стадион және жабық бассейні бар көпсалалы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды. Келесі жылы ел игілігіне табысталады. «Самұрық қазына траст» қорымен бірге құны 2,7 млрд теңге болатын үстел теннисі орталығының құрылысын бастаймыз. Аудандарда 2 млрд 600 млн теңгеге 11 дене шынықтыру кешені салынуда. Оның 8-і тапсырылды, қалғаны жақын күндері пайдалануға беріледі. Биыл балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын шыңдау мақсатында облыс орталығынан «Шығармашылық академиясы» салынады. Қазір демеушілер есебінен жоба-сметалық құжаттары әзірленуде», – деді аймақ басшысы.

Іс-шарада Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Бақытбек Алпысбаев жерлестерін құттықтады.

Жаңа клубтың ашылу рәсімінде бірқатар азамат облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Облыста 150 орындық төрт клуб жаңадан салынып пайдалануға берілуде. Қызылорда қаласында отбасылық құндылықтар мен салт-дәстүрді дәріптейтін «Анаға тағзым», «Отбасы» орталықтары қызметін бастады. 1000 орындық «Өнер» орталығының құрылысы жуырда аяқталып, пайдалануға берілмек. Келер жылы 7 ауданда салтанат сарайы, кітапхана, музей, архив және жастар, ардагерлер мен аналар бас қосатын «Руханият» орталықтары салынады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: