Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыс бюджеті әлеуметтік бағытын сақтап қалды

13.12.2023, 21:45 493

Сыр елi Тәуелсiздiк мерекесіне жарқын жетiстiктерімен жеттi. Жыл бойы әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері бойынша аймақ республикада үздіктер қатарында болды. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев облыстық мәслихат сессиясында айтты.

Аймақ басшысы өз баяндамасында биылғы жылдың негізгі жетістіктерін атап өтті.

«Тамыз айынан бері экономикалық дамудың макрокөрсеткіштері бойынша өңірлер арасында алғашқы үштіктеміз. 11 айдың қорытындысында да облыстың барлық негізгі макрокөрсеткіштері бойынша өсім бар. Атап айтқанда, өнеркәсіп өнімінің көлемі 2,1 пайыз, өңдеуші өнеркәсіп көлемі 28,9, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2,5, инвестициялар тарту 18,4, құрылыс жұмыстары көлемі 20,4, көлік және қоймалау көлемі 8,4, пайдалануға берілген тұрғын үйлер көлемі 16,3 және сауда көлемі 4,7 пайыз артты», – деді аймақ басшысы.

2023 жылы аймақ бюджеті 609 млрд теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 57 пайыз өсті.
Ал, 2024 жылға облыс бюджетінің бекітуге ұсынылған көлемі 650 млрд теңгені құрайды. Бұл 2023 жылға бекітілген (536,9 млрд теңге) көлемнен 113,1 млрд теңгеге немесе 21 пайыз артық.

Облыс бюджетінің басым бөлігі халықтың тұрмыс-тіршілігі мен әл-ауқатын одан әрі арттыруға бағытталады. Әлеуметтік жаңғырту және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға негізделіп, әлеуметтік бағыты сақталды. Атап айтқанда, бюджет қаржысына «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасына сәйкес аудандық ауруханаларды заманауи құрал-жабдықтармен жарақтандыру және амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдарға медициналық техника сатып алу жоспарланған. Сонымен қатар, көлік инфрақұрылымының басым жобаларын қаржыландыруға, «Ауыл ел – бесігі» жобасы шеңберінде көшелерді, нысандарды күрделі жөндеуге және өзге де әлеуметтік маңызы бар жобаларға жұмсалмақ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: