Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Дін қызметкерлеріне қазақ тілін білу міндеттелді

06.05.2020, 17:50 1021

HALYQLINE.KZ –|Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ҚМДБ-ға қарасты имам-ұстаздардың лауазымдық міндетін тағы бір жаңа міндетпен толықтырды, – muftyat.kz.

Бас мүфти бұйрығы бойынша ҚМДБ қызметкерлері, республикалық маңызы бар (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент) қалалардың, облыстардың бас имамдары мен наиб имамдары, қала, аудан, ауыл имамдары мен наиб имамдары және ұстаз, азаншы, молдалардың мемлекеттік тіл – қазақ тілін білуі міндеттелді. Одан бөлек ресми тіл – орыс және Құран тілі – араб тілін білуі қажет.

Біздің еліміз Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Қазіргі таңда ҚМДБ-ның имам-ұстаздары қатарында өзге ұлт өкілдері де бар. Сондықтан олардың мешіт жамағатымен алтын көпір орнатуы үшін мемлекеттік тілді білуі маңызды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: