Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда жылу электр орталығына жаңа басшы келді

30.09.2026, 20:05 18

HALYQLINE.KZ

Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Медет Усаинұлы жаңа директорды мекеме қызметкерлеріне таныстырды, деп жазады аталған басқарманың баспасөз қызметі.

Хасанғали Айғалиұлы 1973 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары.

Еңбек жолын 1992 жылы «Теплокоммунэнерго» мекемесінде қазандық операторы болып бастаған. 1996 жылдан бастап аталған мекемеде қойма меңгерушісі, бөлімше шебері, кейін «Қызылордаоңтүстікжылуорталығы» кәсіпорнында бөлімше бастығы, директордың техникалық мәселелер жөніндегі орынбасары және бас инженер қызметтерін атқарған.

2016 жылдан бастап «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК филиалы директорының өндіріс жөніндегі орынбасары, автономды блокті-модульдік қазандығы қызметінің бастығы қызметтерін атқарды. 2021 жылдан осы уақытқа дейін кәсіпорын филиалының директоры қызметін атқарып келді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: