Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Ұсқынсыз етіп көрсеткен»: Саясаткер «Оян, қазақ!» фильміндегі орыс бейнесіне қарсылық білдірді

17.11.2023, 15:00 329

HALYQLINE.KZ

Экс-депутат Серік Әбдірахманов «ADAL ADAM» youtube-арнасына берген сұхбатында отандық фильмдегі орыс халқының бейнесін сақтықпен суреттеуге шақырды. Оның пікірінше, өзге ұлт өкілдерін жағымсыз бейнеде көрсету халықаралық қатынасқа зиян келтіруі мүмкін екен. Бұл орайда ол «Оян, қазақ!» фильмін мысалға келтірді.

«Кинода орыс халық өкілдерін ұсқынсыз, жат бейнеде көрсеткен. Әрине, Ресей патшалығы билігін жүргізді. Алайда біз ертеңімізді ойлауымыз керек. Егер Ресей империясының халқымызды қырғанын қайта-қайта көрсетсек, Армения мен Әзербайжан халқы секілді халге жетуіміз ықтимал. Ұлтаралық жағдай – өте нәзік тақырып. Ақылмен қимылдауымыз керек», – деді ол.

Сондай-ақ саясаткер Ресейден «сақтанудың» жаңа әдісіне көшу керек деген пікір білдірді. Оның айтуынша, Қазақстан заман талабына ілескенде ғана көршілермен тең дәрежеде саяси қадам жүргізе алады.

«Біреулер «орыспен дос болсаң, айбалтаң жаныңда болсын» деген пікірді айтады. Алайда бүгін айбалта кәдеге аспайды. Ресей – ядролық қаруы бар мемлекет. Соны ескеруіміз керек. Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбан «біреумен дос болсаң, қалтаңда компьютер немесе калькулятор болу керек» деген ой айтып еді. Сондықтан РФ, ҚХР-мен де бейбіт қарым-қатынаста болу керек», – деді саясаткер.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: