Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Судьялар мен сот қызметкерлері марапатталды

24.10.2023, 16:35 653

HALYQLINE.KZ

25 қазан – Республика күніне орай, бүгін Қызылорда облыстық сотында салтанатты жиын өтті.

Мерекелік іс-шараны Қызылорда облыстық сотының төрағасы Ә.Шығамбаев ашып, құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде облыстық сот төрағасы Республика күні – еліміздің елдігін айшықтайтын маңыздың күн екенін, осы күні Тәуелсіздігіміздің алғашқы төлқұжаты қабылданғанын, сондықтан бұл мерекенің ұлтық сипатта екенін атап өтті.

Іс-шараның негізгі бөлігі – мерекелік марапаттарды табыстау сәтінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медаліменҚызылорда облыстық сотының судьясы Еркінбеков Мұхтар Жүсіпбекұлы, ІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медаліменоблыстық сотының судьясы Маликова Шолпан Маратқызы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының Құрмет Грамотасымен Қызылорда облыстық сотының судьясы Наримов Артур Зулхарнайұлымарапатталды.

Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының Қызылорда облысы бойынша филиалының төрағасы Еркінбеков Мұхтар Жүсіпбекұлы «Судьялар Одағының құрметті мүшесі» төсбелгісін сот ардагері Таңатова Гүлсім Ахметқызына табыстады.

Сонымен қатар, «Жеті жарғы» төсбелгісімен Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Мырзатаева Гүлжан Жалғасбайқызы марапатталды.

«Сот жүйесінің белсенді қызметкері» төсбелгісімен Қармақшы аудандық соты әкімшісінің басшысы Мәтжанов Ербол Саяшбекұлы,        ұйымдастыру-талдау бөлімінің бас маманы Қожаева Оразкүл Мұсақызы, Қызылорда қалалық соты әкімшісінің бас маманы Бахтиярова Ләззат Серікбайқызы марапатталды.

Салтанатты жиында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен Қызылорда облысы бойынша Сот Әкімшілігі Департаментінің құжат айналымы бөлімінің бас маманы Шадаева Айгүл Әбілқасымқызы және Байқоңыр қалалық сот әкімшісінің басшысы Тажимбетова Жанар Шахитбекқызы марапатталды.

Сонымен қатар, өз қызметін адал әрі үлгілі атқарған бірқатар судья мен сот қызметкеріне облыстық сот төрағасының Құрмет грамотасы, Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының, Қызылорда облысы әкімінің, Қазақстан Республикасы Сот Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Сот Әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің Алғыс хаттары табысталды.

Іс-шара барысында қазіргі Қазақ мемлекеті мен ұлтының қалыптасуына себепкер болған түрлі ұлыс пен мемлекеттің тарихынан сыр шертетін бейнеролик көрсетіліп, концерттік бағдарлама ұсынылды.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: