Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Сovid-19» тесті неге қымбат екендігі белгілі болды

04.05.2020, 16:29 546

HALYQLINE.KZ –|   Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова COVID-19 вирусына тест тапсыру неге қымбат екенін түсіндірді.

– Біз коронавирусқа тест тапсыру бағасының қымбат екенін байқап отырмыз. Бірақ денсаулық сақтау министрлігі бағаны реттей алмайды. Бағаны нарық реттейді. Қазіргі таңда біз «кім тест тапсыруы қажет?» деген мәселені талқыға салып жатырмыз. Тест тапсырушылардың саны артуы мүмкін. Сонда белгілі бір категория мемлекет немесе міндетті әлеуметтік сақтандыру есебінен қосымша тест тапсырады – деді ол.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 3 988-ге жетті. 1107 науқас жазылды, 27 адам қайтыс болды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: