Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Чемпиондық атақ бір минутпен келді

02.05.2020, 14:42 501

«Пари Сен-Жермен» шабуылшысы Хесе Родригес Франция 1-лигасының алтын жүлдесіне ие болады» деп хабарлайды Prosports.kz.

27 жастағы испаниялық 2019/20120 маусымда париждіктер сапында бір матчқа ғана қатысты. Форвард 4-турда сырт алаңда «Метцпен» өткен кездесудің соңында алаңға шығып (2-0), бір минут ғана ойнаған.

Хесе осы маусымды ПСЖ-да бастап, қыркүйектің басында ол лиссабондық «Спортингке» жалға берілді.

Еске сала кетелік, Франция чемпионаты коронавирус пандемиясына байланысты, сәуір айының соңында мерзімінен бұрын аяқталды. ПСЖ жеңімпаз болып танылды.

Хесе 2016 жылдан бері ПСЖ сапында доп тебеді. Оның париждік клубпен келісімшарты 2021 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: