Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Жайлы мектеп» жобасындағы 33 мектеп қысқартылды

07.07.2023, 17:07 193

HALYQLINE.KZ

Елімізде алдағы үш ішінде салынуы тиіс «Жайлы мектеп» жобасына өзеріс енгізілді. Бұл туралы Үкімет қаулысының жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды.

Қаулы жобасына сәйкес, «Жайлы мектеп» жобасы аясында бой көтеруі тиіс болған 401 мектеп саны қысқарып, енді 368 мектеп салу жоспарланып отыр. Сәйкесінше, мектептердегі оқушы орны да қысқарады. Бастапқы жобада 842 мың оқушы орны қарастырылған болса, енді ол 104 мыңға азайып, 738,2 мың оқушы «Жайлы мектепке» баратын болды.

Ұлттық жобаны іске асыруға 2023 – 2025 жылдар кезеңінде республикалық бюджет пен Ұлттық қордан 2 309 326 329 мың теңге бөлу көзделген. Оның ішінде:

2023 жылы – 455 583 813 мың теңге;

2024 жылы – 968 710 978 мың теңге;

2025 жыл – 885 031 538 мың теңге бөлінеді.

«2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қор қаражаты есебінен 96,5 млрд теңге сомаға 78 мың оқушы орнына (екі ауысымда) 61 мектеп салу қаржыландырылды. Құрылған қор қаражаты есебінен мектеп құрылысын қаржыландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды ескере отырып, бюджет қаражатын ұтымды және тиімді пайдалану мақсатында Оқу-ағарту министрлігі өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, апатты объектілерді жою, үш ауысымдық оқыту және орта білім беру ұйымдарында оқушы орындарының тапшылығы үшін өңірлер бөлінісінде жаңа оқушы орындарын енгізу бойынша қажеттілікке қайта талдау жүргізді», – делінген үкімет қаулысының түсіндірме жазбасында.

Ашық НҚА порталында Қызылорда облысы аумағында 21 мектеп салынатыны көрсетілген. Демек, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың Астанадағы есеп беру кезіндегі айтқан 21 мектептің бірде-бірі қысқармайды деген сөз.

Қаулы жобасы 10 шілдеге дейін талқыланады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: