Қазақстанның оңтүстігінде орта жастағы ер адамдарды әскери комиссариатқа шақырып жатыр. Бұл жиынға үш аймақтан әскери міндеті бар 1500 адамды шақыру жоспарланған. Депутаттар, әкімдер және тағы бірнеше санаттағы азаматтар шақырылмайды.
Қорғаныс министрлігі Алматы тұрғындары әскери комиссариаттарға неліктен белсенді түрде шақырылып жатқанын және қыркүйекте басталатын ай сайынғы әскери жиында не болатынын айтты.
Жиынға шақыру «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заң бойынша жүзеге асырылған. Ол тапшы мамандықтар бойынша әскери бөлімдерді жинақтау сапасын арттыруы керек. Қорғаныс министрлігі мотоатқыштар, танк және артиллериялық бөлімшелерде оқуға Алматы қаласынан, Алматы және Жамбыл облыстарынан 1500 адамды шақыруды жоспарлап отыр.
«Жиынға жыл сайын шақырылады. Республикамыздың әскери есепте тұрған және шекті жасқа дейін артық есепте тұрған азаматтары тартылады – қатардағы сарбаздар мен сержанттар үшін 50 жасты қоса алғанда, офицерлер құрамы үшін 60 жасты қоса алғанда. Азаматтарды іріктеу кезінде жасы кіші әскери міндеттілерге басымдық беріледі», – деп жауап берді ведомство Informburo.kz жолдаған сауалға.
Шақырылғандардың жұмысы мен лауазымы сақталады және оларға жұмыста болмаған кезеңдегі орташа жалақысы төленеді. Жұмыссыздар ең төменгі жалақыны алады.
Қорғаныс министрлігінің хабарламасында заматтар әскери комиссариаттарға «әрі қарай оқу және байланыс деректерін анықтау үшін шақырылады» делінген. Әскери жиынға қатысу үшін азамат денсаулығы бойынша жарамды болуы керек. Шақырылғандар оқу-жаттығу жиыны алдында медициналық тексеруге міндетті түрде жіберіледі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!