Шамамен он жастағы жалаңаяқ бала аяздан қалшылдап тоңып тұрып, «Аяқ киім» деп жазылған дүкеннің кең терезесінің аржағынан самсап тұрған аяқкиімдерді көріп тұрғанда, қасына бір әйел келіп:
– Менің кішкентай досым, сен мына әйнектің аржағына қарап, не ойлап тұрсың?
– Мен Құдайдан маған бір жұп ботинка беруін іштей сұрап тұрмын… – дейді.
Әйел баланың қолынан ұстап жетектеп дүкенге кіреді де, сатушыдан алты жұп шұлық пен легенге жылы су әкеліп беруін сұрайды. Дүкеннің қойма жағына барып, баланың аяғын жуып кепкенше сүлгімен сүртіп болғасын, шұлықпен жылы ботинканы кигізіп болғасын, қалған шұлықтарды орап баланың қолына ұстатып:
– Енді өзіңді жақсы сезіндің бе, балам? – деп кетіп бара жатқанда, бала әйелдің жеңінен ұстап:
– Сіз, Құдайдың әйелісіз бе? – деп сұрады.
Авторы: Гарри Гамисония,
Қазақшаға аударған Бақытжан Абдуллаұлы
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!