Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жақында Қызылордада жасанды интеллект мектебі ашылады

02.06.2023, 9:27 242

Бұл жайында университет делегациясының Оңтүстік Корея мемлекетіне жұмыс сапарында мәлім болды. 

Сапар барысында бірқатар университеттермен жоғары білім саласына қатысты ауқымды жобалар мақұлданып, екіжақты келісім жүргізілді. Соның бірі – Қорқыт ата атындағы ҚУ мен Сеул Ұлттық ғылым және технологиялар университеті бірлесіп, алдағы 7 жылда «Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі жетекші университет» жобасы аясында жасанды интеллект мектебін ашуды жүзеге асырмақ. Жасанды интеллект мектебі 3 бағыт бойынша білім алушыларға оқу процесін жүргізеді.

«Корея мемлекетіндегі іссапардың басты мақсаты – екі ел арасындағы байланысты нығайту және ондағы университет өкілдерімен бірлесіп, тың жобаларды іске асыруға бағытталды. Осы мақсатта біздің университет делегациясы Қорқыт ата университетінде  IT орталығын ашу туралы ұсыныс білдірген болатын. Бұл ұсынысымыз қолдау тауып, біздің оқу орнында жасанды интеллект мектебін ашуға келісім жүргіздік. Осы жоба негізінде алдағы 7 жылда Сеул Ұлттық ғылым және технологиялар университеті мен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі қаржылай қолдау көрсететін болады. Жыл сайын Сеул университетінен 2 профессор дәріс беру үшін және 2 студент бағдарламаларды қамтамасыз ету мақсатында оқуға жіберіледі. Аталған мамандықтарға арналған заманауи зертханалар жасақталып, олар Корея Республикасында шыққан серверлер, озық жабдықтар және бағдарламалармен қамтылады. Бұдан бөлек, алдағы уақытта Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің базасында Сеул Ұлттық ғылым және технологиялар университетінің филиалын құру жоспарлануда. Бұл жұмыстар тікелей өңір басшысының  қолдауымен жүргізіледі», – деді бұл жайында Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы-ректор Бейбіткүл Кәрімова.

Негізінен Корея мемлекетінде  IT бағыты қарышты дамыған. Сондай-ақ озық технологияларды шығаруда әлемде алдыңғы қатарда тұр.

Сыр өңіріне серпін беретін тың жоба аясында киберқауіпсіздік, жасанды интеллект, компьютерлік ғылымдар бағыты бойынша білім беру бағдарламаларын ашу көзделіп отыр. Сондай-ақ бизнес-инкубатор орталығын іске қосуда жоспарлануда.

 «Айқын»кз

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: