Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Таза Қазақстан»: абаттандыру жұмыстары сараланды

08.10.2026, 15:20 70

HALYQLINE.KZ

Бүгін Шиелі ауданының әкімі Айтбай Жандарбеков тиісті сала басшыларымен бірге Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Шиелі ауданындағы абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарының барысын аралап, атқарылған жұмыстарды саралады. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Аралау барысында кент аумағындағы орталық көшелердің тазалығы мен санитарлық жағдайы, кәсіпкерлік нысандардың сыртқы келбеті, сондай-ақ демалыс орындарының күтіп-ұсталуы назарға алынды.

Сонымен қатар, жол бойындағы ретсіз қоқыс орындарын жою, көше бойларын біріздендіру және қоғамдық орындардың эстетикалық келбетін жақсарту бағытындағы жұмыстар пысықталды.

Аудан әкімі абаттандыру жұмыстарының сапалы әрі белгіленген мерзімде орындалуы маңызды екенін атап өтіп, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді. Әсіресе, тазалық жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

Сондай-ақ аудан басшысы тазалық пен тәртіптің баршаға ортақ міндет екенін атап өтіп, тұрғындарды туған жердің тазалығына жауапкершілікпен қарап, қоршаған ортаны қорғау мен елді мекеннің көркеюіне белсенді атсалысуға шақырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: