Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жазықсыз жапа шеккен боздақтарды ақтау ісін жалғастыру – өте маңызды мәселе – Тоқаев

31.05.2023, 10:52 260

HALYQLINE.KZ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  Twitter парақшасында даталы күн туралы жазба жариялады.

– Біз бүгін саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске аламыз. Тоталитаризмнің бұл қырғыны халқымызға орасан зор қасірет әкелді. Тарихымыздың қайғылы кезеңдерін терең зерделеп, жазықсыз жапа шеккен боздақтарды ақтау ісін жалғастыру – өте маңызды мәселе.

Азалы күндерден сабақ алып, мұндай нәубеттің келешекте қайталануына жол бермеу – баршамызға ортақ парыз. Біз ауыр сынаққа төтеп берген, ұлт бірлігін сақтап қалған және асыл қасиеттерін жоғалтпаған ата-бабамыздың үмітін ақтауымыз қажет, – деп жазба қалдырды мемлекет басшысы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: