Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тайсон шаршы алаңға оралмақ

26.04.2020, 10:06 577

HALYQLINE.KZ –| Аты аңызға айналған амеркиалық боксшы Майк Тайсон рингке оралуды жоспарлап отыр, — деп хабарлайды Xsport.ua. 

T.I. деген лақап аты бар рэперге берген сұхбатында әлемнің бұрынғы абсолют чемпионы жаттыға бастағанын мәлімдеді. 

«Бір аптадан бері жаттығып жатырмын. Не айтайын, бабыңа келу өте ауыр: бұлшықеттің бәрі тырысып қалған, құрысқан денемнің ауырмайтын жері жоқ. Иә, жаттығып, рингке оралуға тырысып жатырмын, тамаша үшін жеңіл жекпе-жек өткіземін деп ойлаймын», — дейді ол.

Сондай-ақ, Тайсон өз жоспарымен де бөлісті.

«Залға барып жүрмін, бабыма келген соң қайырымдылық мақсатта бірнеше жекпе-жекке шығамын. Осындай шараларда үйсіздер және мен сияқты есірткіден зардап шеккен түрлі мазафакерлерге көмек үшін ақша жинауға болады», — дейді Тайсон.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: