Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Министр депутаттардың ұсынысын қабыл алмады

03.05.2023, 9:53 377

Депутаттар мүгедек баласы бар ананы 50 жаста зейнетке шығаруды ұсынған еді. Министр Тамара Дүйсенова зейнетақы мөлшерінің жоғары болуы еңбек өтілінің ұзақтығына тікелей байланысты екенін айтты.

Мәжіліс сайтында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың Мәжілістің бір топ депутатының сауалына берген жауабы жарияланды. Депутаттар мүгедек баланы тәрбиелеп отырған әйелдерді 50 жаста зейнет демалысына шығаруды ұсынған болатын.

Министр Тамара Дүйсенова бұл санатқа жататын әйелдерде зейнеткерлікке ерте шығарған жағдайда, олардың қажетті зейнетақы қаражатын жинап үлгермейтінін айтып отыр.

Ведомство басшысының түсіндіруінше, 2023-2028 жылға дейін әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасы 61 жасқа белгіленген. Ал зейнетақы төлемдері төмендегі бөліктерден құралады:  

  • ең төменгі деңгейде ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызын құрайтын мемлекеттік базалық зейнетақы;
  • 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемінде алты ай еңбек өтілі бар адамдарға республикалық бюджеттен төленетін ынтымақты зейнетақы;
  • жинақтаушы зейнетақы, онда қоланыстағы жинақтаушы зейнетақы жүйесінен зейнетақы қызметкерлердің 10% міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: