Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ақжүрек Таңатаров: 30 жыл ұйықтағанымыз жетер

28.04.2023, 18:17 617

HALYQLINE.KZ Еркін күрестен Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері, Азия және әлем чемпионаттарында атой салған балуан Ақжүрек Таңатаров ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдап, көмек сұрады.

Жамбыл облыстық олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі директоры лауазымын атқарған Ақжүрек Таңатаров таяуда еш себепсіз қызметтен шеттетілгенін мәлімдеді. Мұның себебін, өңірдегі дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Арман Ташметовтен сұраған. Алайда Ташметов пәрменнің облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтен келгендіктен, ештеңе істей алмайтынын айтқа.

Жұмыссыз қалған Ақжүрек Таңатаров президент Қасым Тоқаевтан көмек сұрай отырып, Жамбыл обылсындағы былыққа батқан спорт саласындағы жемқорлыққа назар аударуды сұрады.  

– Мені олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп интернаты колледжінің директоры лауазымынан еш себепсіз босатты. Облыстық спорт басқармасының басшысы Арман Ташметов оның бәрі әкім Нұржан Нұржігітовтің бұйрығы мен шешімі екенін атады. Біз қазір тоқсаныншы жылдарға қайта оралғандаймыз. Мен спорт жаңашыры және осы саланы жетік меңгерген азамат ретінде сізден, Жамбыл облыстық әкімшілігі мен спорт басқармасында болып жатқан заңсыздықтарды тоқтату үші республика деңгейіндегі барлық құқық қорғау органдарынан, оған қоса парламент депутаттарымен бірлесе отырып, комиссия құрып толыққанды тексеріс тағайындауды сұраймын. Бұл әрекетім арқылы маған қызмет алып беріңіз демеймін. Тек өсіп келе жатқан ұл-қыздарымыз әлемдік аренада жоғары нәтижеге қол жеткізсе екен деймін. Сол себепті, облыстағы жемқорлық әрекеттерді тоқтатып, лауазымдарға білікті тәжірибелі және жаңашыр, облыста беделі бар азаматтарды тағайындауды сұраймын. Отыз жыл бойы ұйықтағанымыз жетер, – деді Ақжүрек Таңатаров. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: