Қызылорда облысы аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алу және ескерту мақсатында Қызылорда облысы Полиция департаментімен «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның бір күнінде 10 қылмыс ашылып, 398 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.
Оның ішінде 19 ұсақ бұзақылық тіркеліп, қоғамдық орындарда мас күйінде жүрген 34 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Автокөлікті масаң күйде басқарудың 2 дерегі анықталды. Тыныштықты бұзу – 27, кәмелетке толмаған заңды өкілінсіз түнгі уақытта жүру – 37 дерек болды.
Іс-шара барысында қоғамдық орындар мен қала көшелерінде құқықбұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу бойынша қосымша шаралар қабылданып, жаяу жасақтардың патрульдеуі күшейтілді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!