Үстіміздегі жылы Жалағаш кентінде жалпы құны 643,6 млн. теңгеге М. Шәменов, І.Нұркенов, И. Панфилов, Мысық би, А.Бектібаев көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстары, ПМК-09 көшесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, қосымша 7 көшені күрделі жөндеуге жоба-сметалық құжаттар әзірленді.
Бүгінгі күні Жалағаш кенті М. Шәменов көшесінің күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Мердігер мекеме «Қызылорда Жолдары» ЖШС мекемесі. Қазіргі таңда мердігер мекеме арнайы ескертпе ретінде жол белгілері қойылып, қызу жұмысқа кірісті.
Сонымен қатар, аудандық маңызы бар Жаңадария бағытындағы автожолды орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда. Жоба өтпелі. Орташа жөндеу жұмыстары 2022 жылы басталған. Жоба құны – 392 млн.теңгені құрайды. Мердігер мекеме: «Ақтоған» ЖШС.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!