Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Пах, шіркін, әйелдер-ай….

08.03.2023, 10:00 725

 «Әйел адамды түсінудің екі ғана жолы бар, бірақ ол екі жолды әлі ешкім білмейді» деп қалжыңдап жатады ерлер қауымы. Әйелдердің қылығы мен қыңырлығы жайында талай аңыздар мен қызықты анекдоттар айтылып жатады. Ер жігіттер сонда да әйелдер қауымынсыз өмір жоқтығын мойындайды. Назарларыңызға Massaget.kz сайты ұсынған әйел болмысы туралы әзілдер топтамасын ұсынамыз.

 Әйелдер отыз жасқа дейін жасарады, отыздан кейін ғана жақсарады…

Әйелді түсіну қиын емес: ол ашық жатқан кітап секілді. Қытай тіліндегі квант физикасы кітабы.

Әйелдер кеңпейілді: олар өз ерінің барлық кінәсін кешіре алады. Тіпті ол кінәлі болмаса да.

Әйелдер парадокс секілді: олар еркектерге алдымен өмір сыйлайды, сосын өмір сүруге мүмкіндік бермейді.

Халықаралық  әйелдер  күні не  үшін  сегізіне  белгіленгенін білесіз  бе?  Өйткені  олар – әлемнің  сегізінші  кереметі.

Әйелдер  «50%  жеңілдік»  деген  жазуды  көрсе  болды,  миы да  50%  жұмысын  тоқтатады.

Әйелдер құпияға берік келеді. Олар тек топ болып құпия сақтайды. Олардың құпияларын, кем дегенде қырық адам біледі.

Табиғатынан бұйра шашы бар әйелдер шашын түзегісі келсе, шашы түзу арулар бұйралағысы келеді. Әйелдерді түсінуге тырыспай-ақ қою керек, өйткені олардың өзі әлі өздерін толық түсінбейді.

Әйелдер ғана «Болды, маған хабарласпа» деп алып, артынша қоңырау күтіп жүреді.

Кез келген әйел адамда тек отыруға ғана ыңғайлы бір туфли болады.

Тек әйелдер ғана тісін тазалап жүріп раковинаны қоса жуып тұрады. Ал еркектер тісін жуып тұрып «Раковина неге кір болмайды?» деп басы қатып тұрады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: