Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

ҚТЖ тергеліп жатыр

20.02.2023, 10:30 328

HALYQLINE.KZ

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына қатысты іс қозғалды. Бұл туралы Бас көлік прокуратурасы мәлімдеді.

Астана қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен Бас көлік прокуратурасы заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру фактісі бойынша «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады.

Арызға сәйкес, келген алдын ала залал – 1,5 млрд теңгеден астам.

Тергеу процесі прокурорлар тобының басшылығымен жүргізіліп жатыр.

Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды.

Сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: