Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстандықтар наурыз айында 12 күн демалады

09.02.2023, 10:10 404

HALYQLINE.KZ

Қазақстандықтар биыл наурыз айында екі мемлекеттік мерекені атап өтеді. Осыған байланысты ел тұрғындары бірнеше күн демалады, деп хабарлайды Электрондық үкімет порталы.

Алдағы айда елімізде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мен 21-23 наурыз аралығында Наурыз мейрамы тойланады.

Атап айтқанда, Халықаралық әйелдер күні биыл сәрсенбіге сәйкес келетіндіктен, тұрғындар бір күн – 8 наурызда демалады.

Сонымен бірге, тұрғындар 21-23 наурыз аралығында Наурыз мейрамын атап өтеді. 21-23 наурызда тойланатын Наурыз мейрамы сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндеріне сәйкес келетіндіктен, қазақстандықтар апта ортасында қатарынан үш күн демалады. Осылайша бұл аптада тек дүйсенбі және жұма жұмыс күні болып есептеледі.

Жалпы алғанда, наурызда аптасына бес күн жұмыс істейтін азаматтар мереке күндері мен демалыс күндерін қоса алғанда 12 күн демалады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: