Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аналар кеңесінің құрамы кеңейтілді

18.01.2023, 16:25 267

HALYQLINE.KZ  Бүгін Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Алмасбек Есмахановтың төрағалығымен Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Кеңейтілген отырысқа облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Қаламқас Каримова, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы Аналар кеңесінің мүшелері, этномәдени бірлестік басшылары, көшбасшы әйелдер мен белсенді азаматшалар қатысты.Басқарма басшысының орынбасары Алмасбек Есмаханов алғы сөзінде Аналар кеңесінің атқарылған жүйелі жұмыстарына тоқталып, кеңестің ұлттық құндылықтарды жаңғыртуда өзіндік мектепке айналғандығын атап өтті.

Күн тәртібінде облыстық Аналар кеңесінің жаңа төрайымы сайланып, ротациялық тәртіп негізінде құрамы қайта қаралды. Сондай-ақ, 2023 жылдың жұмыс жоспары талқыланып, негізгі басымдықтары белгіленді. 2020 жылдан бастап осы күнге дейін кеңестің төрайымы қызметін атқарып келген Рахима Ахметова өз өтініші бойынша Аналар кеңесі төрайымдылығынан босатылып, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы Аналар кеңесінің төрайымы болып Нұрсәуле Мусаева кандидатурасы мақұлданды.

Отырыс аясында отбасылық құндылықтар мен бала тәрбиесін насихаттау жұмыстарында облыстық Аналар кеңесінің жұмысын жүйелеп, республикалық «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасын жүзеге асыру қорытындысымен облысымыздың алдынғы қатарында көрінуіне еңбек еткен Рахима Қаржаубайқызына кеңес мүшелері шынайы ризашылықтары мен алғысын білдірді. Жылы лебіздерін айтып, жаңа төрайымға сәттілік тіледі. Күн тәртібіндегі екінші мәселеде ротациялық тәртіп бойынша Аналар кеңесінің құрамы кеңейтіліп, әртүрлі сала бойынша өңіріміздің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген 13 нәзік жанды қосылды.

Сондай-ақ, денсаулық, рухани, білім, мәдени-спорт бағыттары бойынша жауапты адамдар бекітілді. Кеңейтілген отырыс соңында басқарма басшысының орынбасары Алмасбек Есмаханов кеңес мүшелеріне отбасы құндылықтарын нығайту жолында тың шығармашылық идеялардың көп болуын тіледі.

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: